Мәлімдеме: қызмет түрлері

Как подать заявление?
Электронды өтінішті қайда және қалай беру керек?
school.shymkent.edu.kz портал немесе кез келген жақын маңда орналасқан мектепке.
Электронды өтінішті бере алмаған жағдайда қайда және кімге жүгінуге болады?
school.shymkent.edu.kz портал немесе кез келген жақын маңда орналасқан мектепке.
Өтініштің тіркеуге түскенін қалай білуге болады?
Электронды өтінішті бергенде көрсетілген ұялы нөмірге СМС хабарламасын алу
Өтінішті кім, қалай, қандай мерзімде тіркейді?
Мөлтекауданға қарасты мектеппен, бір күндік жұмыс мерзімінде.
Өтініштің сәтті тіркеуден өткенін қалай білуге болады?
Электронды өтінішті бергенде көрсетілген ұялы нөмірге СМС хабарламасын алу
Өтініш қандай жағдайда тіркеуге алынбайды?
Дәлелдеуші құжаттар толық болмағанда/ сәйкес болмағанда.
Зачисление ребенка в школу
Баланы мектепке кім, қалай, қандай мерзімде қабылдайды?
Күнтізбелік 10 күн ішінде;ата-ана баланы мектепке қабылдауға тіркелген құжаттың телнұсқасын әкеледі.
Мектеп тарапынан баланы қабылдаудан бас тарту жағдайлары?
Дәлелдеуші құжаттардың телнұсқасы толық болмағанда/ сәйкес болмағанда; өтініш беру кезінде ата-ана/мектеп тарапынан оқыту тіліне байланысты жіберілген қателерде.
Баланың мектепке сәтті қабылданғанын қалай білуге болады?
Электронды өтінішті бергенде көрсетілген ұялы нөмірге СМС хабарламасын алу.
Если получили отказ
Егер мектеп өтінішті тіркеуден негізсіз бас тарқан жағдайда кімге және қайда жүгінуге болады?
Қалалық білім бөліміне немесе vseobych_a@mail.ru поштасына хат жазу арқылы, 55-87-18 тел. хабарласу арқылы, білім бөлімі бастығының орынбасарына қабылдауға жазылу арқылы.
Егер мектеп баланы қабылдаудан негізсіз бас тарқан жағдайда кімге және қайда жүгінуге болады?
Қалалық білім бөліміне жазбаша немесе vseobych_a@mail.ru поштасына хат жазу арқылы, 55-87-18 тел. хабарласу арқылы, білім бөлімі бастығының орынбасарына қабылдауға жазылу арқылы.
Егер ата-ана баланы қабылдаған мектептен қаладағы басқа мектепке ауыстырғысы келсе, қайда және кімге жүгіне алады?
Ата-ана мектепке барып жүйе арқылы баланы мектептен шығарғанына көз жеткізіп, қайта өтініш беру керек.
Что еще нужно знать?
Өтінішті тіркеу кезінде мектеп мөлтекауданы бойынша Портал баламның тұрғылықты мекен-жайын таппаған жағдайда қайда және кімге жүгінуге болады?
Қалалық білім бөліміне жазбаша немесе vseobych_a@mail.ru поштасына хат жазу арқылы, 55-87-18 тел. хабарласу арқылы, білім бөлімі бастығының орынбасарына қабылдауға жазылу арқылы.
Өтінішті тіркеу кезінде ата-ана ЖСН-і мен баланың ЖСН-нің сәйкес келмейтінін Портал қате деп тапқанда қайда және кімге жүгінуге болады?
Қалалық білім бөліміне жазбаша немесе vseobych_a@mail.ru поштасына хат жазу арқылы, 55-87-18 тел. хабарласу арқылы, білім бөлімі бастығының орынбасарына қабылдауға жазылу арқылы.
Ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегінде 6 жасқа толатын бала 1-сыныпқа қабылдана ма?
Иә, қабылданады.
Мектеп мөлтекауданы бойынша мекен-жайы сәйкес келмейтін бала сол мектепке қабылдана ала ма? Болса, қалай? Болмаса Не үшін?
Иә, кез келген квота бойынша орны бар мектепке .Квота бойынша орын бар/жоғын school.shymkent.edu.kz портал арқылы немесе сол мектептен.
Менің мекен-жайым қай мектепке қарайтынын қайдан және қалай білуге болады?
school.shymkent.edu.kz қалалық білім бөлімінің порталының жалпы білім беретін мектептер бөлімінен.

Мәлімдеме: қызмет түрлері

Портал арқылы баланың мектепке қабылдауға арналған мемлекеттік қызметті пайдалану

Шымкент қаласының білім бөлімі арқылы мүмкін:

  1. Барлық білім беру мекемелерімен танысу;
  2. Қабылдау үшін квотаның санын білу (егер таңдаған мектеп тұрғылықты мекен-жайға жатпаса);
  3. Қалаған мектепті таңдау;
  4. Мектепке баланы қабылдау үшін өтініштің электрондық үлгісін толтыру;
  5. Өтініш беру туралы мәлімдеме алу;
  6. Өтініштің тіркелгені туралы мәлімдеме алу.

Шымкент қаласының білім бөлімі порталы арқылы берілген қызметтің электрондық көшірмесі болу керек:

  1. Қызметалушының туу туралы куәлігі 2008 жылға дейін туылған жағдайда (құжат, қызметалушының жеке тұлғасын растайтын (түпнұсқасы);
  2. дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды, форма № 086/е, ҚР денсаулық министрінің міндетін уақытша атқарушының бұйрығымен бекітілген,мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген "Денсаулық сақтау мекемелеріндегі алғашқы медициналық құжаттардың үлгісін бекіту туралы "2010 ж. 23 қарашадағы №907 бұйрығы (ары қарай - форма № 086/е);
  3. сурет 3х4 см мөлшердегі 2 дана;
  4. педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болған жағдайда).

Қызметалушылар – шетелдік және азаматтығы жоқ болса мына құжаттардың бірін тапсыру керек, статусын анықтайтын, тұрғылықты мекен-жайы бойынша белгісі бар туралы тіркеуі:

  1. шетелдік – ҚР шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
  2. азаматтығы жоқ адам - азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  3. босқын - босқын куәлігі;
  4. пана іздеген адам - пана іздеген адамның куәлігі;
  5. оралман – оралманның куәлігі.

Өтініштерді қабылдау кезеңі тоқтатылды. Келесі кезеңнің басталу уақыты белгісіз